Қазіргі уақытта көптеген шіркеулер Елуінші күн мейрамын сақтаймыз және Киелі Рухты қабылдадық деп мәлімдейді. Алайда, біз Елуінші күн мейрамын Құдай белгілеген күні, Құдай бекіткен ережеге сәйкес сақтағанда ғана уәде етілген Киелі Рухтың батасын ала аламыз.
Елуінші күн мейрамы – Алғашқы өнім мейрамынан [Қайта тірілу мейрамынан] кейінгі елуінші күн. Исаның сөзіне сәйкес, шәкірттер Көкке көтерілу күнінен бастап он күн бойы Марқаның жоғарғы бөлмесінде дұға етіп, Елуінші күн мейрамын сақтау арқылы Киелі Рухты қабылдады.
Дүниежүзілік миссиялар қоғамы Құдайдың шіркеуі – Исаның сөздеріне сәйкес Елуінші күн мейрамын сақтау арқылы Киелі кітапта пайғамбарлық етілген Киелі Рухтың батасын алатын жалғыз шіркеу.
Елуінші күн мейрамы келгенде, олардың бәрі бір жерге жиналды. Кенеттен аспаннан қатты соққан желдей гүріл естіліп, олар отырған үйдің ішін кернеп кетті. Сонда олар от жалынына ұқсас тілдердің пайда болып, бөлшектеніп, әрқайсысының үстіне қонғанын көрді. Олардың барлығы Киелі Рухқа кенеліп, Рухтың сөйлеткеніне қарай басқа тілдерде сөйлей бастады. Елшіл. істері 2:1–4
119 Bundang P.O.Box, Bundang-gu, Seongnam-si, Gyeonggi-do, Rep. of KOREA
Tel 031-738-5999 Fax 031-738-5998
Head Office: 50, Sunae-ro, Bundang-gu, Seongnam-si, Gyeonggi-do, Rep. of Korea
Main Church: 35, Pangyoyeok-ro, Bundang-gu, Seongnam-si, Gyeonggi-do, Rep. of Korea
ⓒ World Mission Society Church of God. All rights reserved. Privacy Policy